AINAGUL SADYKOVA • АЙНАГҮЛ САДЫҚОВА • АЙНАГУЛЬ САДЫКОВА

Бірегейліктің (идентичность) қалыптасуы. Бұл үдеріске әдебиет ықпалете ала ма?

 

Жеке бастың бірегейлігі мен әлеуметтік бірегейліктің өзара байланыстылығы, «Мен»-нің «Біз»-ге ұласуының алғышарттары – адамға аса қажет өмірлік маңызды білімдер.

Қазіргі кездегі тез өзгеріп отыратын әлеуметтік, саяси жағдай тұсында адамдардың жағдайға, ортаға төселіп, бейімделуі бар жағынан, әсіресе, психологиялық тұрғыдан өте қиын. Әсіресе, өзінің бет-бейнесін, бағыт-бағдарын, өзінің табиғатын, негізін танып-білмеген адамдар, тіптен, сансырайды. Өздерін артық, жат көреді.

Осыдан келіп, адамның ішкі ұстыны, өмірлік тірегі мәселесі алға шығады. Ішкі ұстын деген – қай кез, қандай жағдайда да адамды адастырмайтын алтын қазық. Ол адамның өзін анық танып-білуінің нәтижесінде ұстанған бағыт-бағдары, құндылықтары, мақсат-мұратының жиынтығы.

Қай кезде, қандай мәселеде кімнен қалай үлгі алуға, кімге еліктеуге болады, ал, қай кезде өзіңдігіңнен айнымаған жөн? Бұлардың арақатынасы мен ара жігі қайсы?

Әлем өте үлкен, алуан түрлі, ондағы адамдардың, топтардың, ағымдардың, тағы басқалардың көптігі мен алуандығы сонша, бәрін санамалап, бәрінің ақ-қарасын айыру мүмкін емес. Сондықтан, бала есейіп, үлкен өмірге қанат қаққанда, бәрін қызық, жақсы тартымды көруі ғажап емес. Бірақ, тартымды, қызықтың бәрі жақсы емес екені белгілі. Өзіне не керек, не керек емес, нені қалайтын-қаламайтынын білетін жас қана адаспайды. «Өзінен» айнымай, «өзінікін» адаспай табады. Оның сыртында, сырт өзгерістерге де психологиялық тұрғыдан қиналмай бейімделіп, төселіп кете алады, ал, бұл даму үшін, жетіле түсу үшін ең керек нәрсе. Ол, өз негізін танымаған я жоғалтып алып, сансырап жүрген адамның дамуы туралы сөз болу мүмкін емес.

Сірә, бұның жасөспірімдер ғана емес, ересектердің басында бар мәселе екенін сол жасөспірімдерден, жастардан жасырмау керек болар. Орыс тілінде «Предупрежден – значит вооружен» деген жақсы сөз бар. Яғни, бәрінің негізінде білім мен тәрбие жатыр. Адамның ішкі ұстыны болуы керек екенін, оны қалай қалыптастыру керектігін де жеке, арнайы үйрету керек.

Осы орайда, әрине, әдебиеттің ролі зор болмақ, өйткені, кейіпкердің ішкі ұстынының, өзіндігінің жоқтығынан жаман ықпалдарға ұшырағаны туралы өмірден алынған, ой-сезімге әсер ететін айшықты оқиғаларды шыншыл әрі көркем мәнде суреттеп, жас оқырмандарға ұсынып, оларды мектепішілік, мектептен тыс кездесулерде талқыласа, жас ұрпақ тәрбиесіне қосылған зор үлес болар еді. 

Формирование идентичности. Может ли литература повлиять на этот процесс?

 

Взаимосвязь идентичности личности и идентичности общества, предпосылка того, что «Я» станет частью «Нас» – это наличие у человека жизненно важных знаний. 

В настоящее время, когда общественная и политическая ситуация постоянно меняется, людям сложно приспосабливаться к этим переменам. Больше всего растерянность испытывают те люди, у кого нет чётких ориентиров и понимания своей сущности. Такие люди чувствуют себя лишними и чужими.

В такой ситуации на первый план выходит важность внутреннего стержня, который позволяет не потерять себя в любых обстоятельствах. Это совокупность установок, ценностей и целей, сформированных в результате понимания своих внутренних потребностей.

Когда и в каких вопросах можно брать пример с других и подражать им, а в каких случаях лучше оставаться собой? Как провести границу между этими ситуациями?

Мир настолько огромен и разнообразен, что невозможно подсчитать все возможные группы людей и культурные течения и дать им однозначную оценку. Поэтому неудивительно, что когда ребёнок вырастает и становится взрослым, ему всё кажется интересным и привлекательным. Но известно, что не всё, что привлекает внимание, полезно. Не ошибётся только тот молодой человек, который знает, что ему/ей нужно, чего он/она на самом деле хочет. Найдёт своё, не теряя себя. Сможет без особых проблем психологически приспособиться к внешним изменениям, а это самая важная вещь для развития и самосовершенствования. В то время как человеку, не нашедшему или потерявшему себя и испытывающему из-за этого чувство опустошённости, развиваться будет сложно.

Возможно, от подростков и молодёжи не нужно скрывать, что с такой же проблемой сталкиваются и взрослые. В русском языке есть хорошее выражение: «Предупреждён – значит, вооружён». То есть в основе всего лежат знание и воспитание. Нужно специально учить ребёнка тому, что у каждого человека должен быть внутренний стержень, и рассказывать, как его можно сформировать.

Конечно, литература может внести большой вклад в дело воспитания подрастающего поколения, так как в школе и во время внеклассных встреч можно предложить детям для обсуждения тексты, где правдиво и в художественной форме описываются события из реальной жизни, ситуации, когда у героя не было внутреннего стержня и понимания того, кто он, в результате чего он попадал под дурное влияние.

Identity construction. Can literature influence this process?

The interrelation of personal identity and societal identity, the prerequisite for the “I” to become part of the “Us” is for people to have certain vital knowledge.

Nowadays, when the social and political situation is constantly changing, people find it difficult to adapt. People who lack clear guidelines and an understanding of who they are get confused the most. Such people may feel redundant and alienated.

In such a situation, the importance of personal integrity comes to the front. It allows one to find one’s way in any circumstances. Personal integrity is a set of attitudes, values, and goals formed as a result of understanding one’s inner needs.

When should one follow another’s example and find a role model, and in what cases is it better to remain yourself? How to draw the line between these situations?

The world is so vast and diverse that it is impossible to define all possible groups of people and cultural currents and give them an unambiguous assessment. So it is not surprising that when a child grows up and becomes an adult, everything seems interesting and appealing to them. But we know that not everything that shines is gold. Only the young person who knows what he/she needs, what he/she really wants, will not make a mistake. Such people will find what they need without losing themselves. They will be able to adapt psychologically to external changes without problems, and this is the most important thing for personal development and self-improvement. Whereas it will be difficult to develop for those who have not found themselves and feel empty inside because of that.

Perhaps there is no need to hide from teenagers and young people that adults face the same problems too. There is a good Russian saying: “Forewarned is forearmed.” That is, at the heart of everything is knowledge and education. You have to teach your child that every person must have inner integrity, and tell them how to achieve it.

Of course, literature can make a great contribution to the education of the younger generation, because at school and during extracurricular meetings we can offer children texts for discussion that truthfully and artistically describe events from real life, for example, situations when the hero did not have inner integrity and understanding of who they were, which led to their falling under some bad influence.