Өмір сүруге арналған нұсқаулық
Қатарынан он күн жанымда қалшы:
Сілкінген жер сиқырмен көтерілді
Сынған динамикте қалағаныңша ойнау – сансыз көп дастан дыбыстары
Ауру ақындар мен жаман хаттамалардың орасан көптігі суретшілерді есінен адастырады
Мен қанша рет жарға тіреліп, құлай жаздадым
Содан бері ештеңенің мәңгілік еместігі, және сені сол үшін жақсы көретінім
Ап-анық айқын болды.
Ой сорпасы аспанға төгілгенде
Бас сүйектен құралған біздің бас сүйегіміз сынды.
Мен ракпен ауыратындар үшін айғайладым
Мен сурет салатын мекені жоқ суретшілер үшін айғайладым
Мен күйреген титандардың тойында сөзшеңдерше қызына айғайладым
Маған сеніңдер
9-дан 5-ке дейін жоққа шығаруға болады
Өлең оқу секілді «міндеттеріңнен»
үлкен міндеттер үшін қашуға болады
Гүлдерді жұлып алып, қатарынан үш мың шеңберді салып тастауға болады
Бір тамшы қара сия өмірді құтқармайды
Сондықтан менің қанымды болашаққа апармайынша сияға тоқ беремін
Жарқанаттар-қанішерлер, қош келдіңдер үйге
Бейбөлек дүниемен маған тәж кигізіңдер
Тәж кигізудің жалған екенін дәлелдеу үшін тістерімді жұлып тастаймын
Мен Алғашқы болатын Соңғы сөзбен былайша тіл қатамын:
Зиратты төңкеріп
Оған бақшаға қарағандай көз таста
Тау шатқалында жарылғыш зат туралы әнді есті
Сапар-драйв-драйв Сан Диегоға дейін 30 сағат
Қараңғы түнекте мысық табандап келе жатып
Орфографиялық қатерлерге мән бермеңдер
Бұл қалада жұлдыздар зорға оқылады
Кассетаны айналдырып жіберіп, енді ешқашан тыңдамаңдар
Бұл 8 жерде бір сәтте өмір сүруге арналған нұсқаулық
Сарқырама астындағы құмға жанасып, өздеріңді табыңдар
Суару
Пропеллер симфония
Уәде беремін
Сен ешкімнің назарынан тыс қалмайсың
Ешқашан
Себебі, мен сені елеусіз қалдырмаймын
Түймедақтар да сені елеусіз қалдырмайды
Себебі мен сен үшін айқайлап қойғанмын
Фортепианодан сабақ алғысы келетіндер тезірек сабаққа қатыссын деп тілеңдер
Дұға тілегендерге жалақының ең аз мөлшерін көтереді, сосын оны алып тастайды
Сірке суы қосылған дұға шатыр астындағы жарықта екі ай бойы сарнап тұрады
Сені жаяу жүргінші жолын түсіруге
Көндіремін
Шілдеде асқабақ дәнін жеңдер
Қолыңнан келсе, алтын жіпті тауып ал да, киіп ал – сосын онымен мәңгілік өрмеле
Бәрінен бұрын, мен де сен сияқты қашып кеткім келеді
Менде де сендегідей таңдау жоқ
Сондықтан ұсынарым
Жағалау сызығынан,
Жағалау сызығының ірі тамырлы шалғынынан ауыз тиіңдер
Ал 15 долларлық батпырауық бір рет пайдаға жарап
Казино сағатсыз қалып, уақыттың уақытты жоққа шығару үшін ғана бар екенін дәлелдеу үшін әрі сапарға шексіз мүмкіндік алу үшін
Ол шаң басқан гаражда қалды
тағы да сәлем
қош келдіңдер
мен сен үшін осында тұрмын
сол жұлдыздай қанға малшындым
сұрақтар жауапсыз тамшылайды
бірақ ұжымдық сана үшін Wi-Fi-дың құпия сөзін жазып алдым.
жиынтық картада жасырын тұр
Тұз
өзен
Әлбетте Жокер
2,652 қисын
Санаудың беймүмкін екенін көру үшін
Бұтақтарды санаңыз
Міне, өміріңіздің жылдамдығы
Сандардың шексіздігі беймүмкін сандардай
Жоғарыдан және бүйірден
Өркеш-өркеш төмен
Мен табынамын
жан-тәніммен сыйынамын
Қайтадан сиқырды тауып
Ұлғайтқыш әйнекті тауып
Мен ешқашан әлденені көрмегем, сол әлденеге мені жетелейтін жолдарды табу керек
(Бұл мен ешқашан жүріп көрмеген жолдар)
Бар-жоғы
табу керек
хош әрі дайын болғанда
сол жолмен кету керек