Раши Рохатги жазған “At Home, Adrift”
(ауд. «Үйде, Ағынның Бағытымен»)
атты шығармасына қысқаша шолу
Джеймс Никополос
Мен “At Home, Adrift” шығармасын сегіз ай бойы пандемия жағдайында болған уақытта алғашқы рет оқыдым. Мен барған сайын тар, тынымсыз кеңістікте 240 күннен аса өмір сүруге, жұмыс істеуге, әрі бала тәрбиелеуге мәжбүр болдым. Қазіргі отбасым өзімнің өсіп-өнген отбасым сияқты – көптілді, құлшынысты және шулы. Әдетте, біздің үй өзіміздің жайлы Бабыл мұнарамыз секілді. Алайда, 240 күннен аса бір кеңістікте бәріміз бірге болғандықтан, жайлы үйіміз жындыханаға айналғандай сезілді.
Раши Рохатгидің шығармасын оқығаным қалыпты жағдайға қайта оралуға септігін тигізді. Керемет жазылған туынды өмірдегі нағыз бағалауға тұрарлық нәрселерге біздің көңіл бөлуімізге ықпал ететініне сенімім мол. “At Home, Adrift” шығармасы мен үшін дәл сондай болды. Бұл туынды тілі бөлек адамдармен бірге өмір сүрудің, тілін өзіңдікі деп танығың келетін адамдарды сүюдің қандай да бір шиеленіс пен ұмтылыс, тілектерін санаңызда қайта жаңғыртады.
Бұл шығарма маған барымды бағалаудың маңыздылығын көрсетті. Кей кезде тым шулы болса да, өзімнің Бабыл мұнарамдай болған үйдегі ортамды бағалауға үйретті.