ТiЛЕК ЫРЫСБЕК ТУРАЛЫ

Қанат Омар

Тілек Ырысбек Ардақ Нұрғазыға ілесіп қазіргі қазақ тілін әлемдік поэзия деңгейіне көтеруге атсалысып келеді. Ол тілдің құрылымын ортағасырлық және алпысыншы жылдардағы формулалардан постмодернистік деп атауға да келмей қалған жаңа модельдерге ауыстыруға тырысуда.

Дей тұрғанмен, Тілек ақын ағасынан өзінің дала поэтикасына деген сүйіспеншілігінің молдығы мен шартты түрде батысқа емес, шығыс әдебиетіне – тіпті қытай емес, жапон әдебиетіне – көбірек ден қоюуымен ерекшеленеді. Бұны орыс және ағылшын тілдеріне аударылған осы парадоксалды мәтіндердің жариялануы растайтын болады. Мен авторды халықаралық оқырманға таныстыруды осы шығармалардан бастағым келеді. Шыдамсыздана итерілісіп тұрған кейінгі мәтіндері де жақын арада жарық көреді деп үміттенемін.

Бұдан бұрын Тілек Ырысбектің мәтіндері орыстілді оқырманның көзіне бір ғана рет, яғни Юрий Серебрянский мен Айман Қодардың аудармалары Дактиль журналының желтоқсан айындағы санында жарияланған кезде ғана түсуі мүмкін еді.