NURBEK NURZANULY • НҰРБЕК НҰРЖАНҰЛЫ • НУРБЕК НУРЖАНУЛЫ
Время нас не ждёт
Сказка, реалистическая проза, нон-фикшн и другие жанры: что больше подходит для разговора о мультикультурности и идентичности?
Я думаю, не писатель должен выбирать жанр, а жанр писателя. Я никогда не ставил перед собой цель писать в каком-то конкретном жанре. Возможно, я встал на этот путь, потому что рос впечатлительным и с детства любил мечтать. Меня восхищали и облако, плывущее по небу, и птица, взмывшая ввысь, и смена времён года. Всё это манило меня в другой мир, полный тайн и романтики. Чтобы попасть в мир фантазии, писатель должен быть фантазёром. Во мне с детства была эта склонность к фантазёрству. В ауле я забирался на верхушку дерева и смотрел на облака. Чем дольше я смотрел, тем больше облака становились похожими на животных, жителей села и другие предметы и картины. Однажды мама отправила меня на каникулы из аула в летний лагерь в городе. Тогда я так сильно скучал по аулу и бабушке с дедушкой, что по привычке принялся разглядывать облака. Помню, что в их очертаниях я видел бабушкино лицо. Эта картинка стала для меня лекарством от грусти.
Иногда приходится общаться с самыми разными людьми. Бывает чувство, что стоящий перед тобой человек – герой ещё не написанного тобой произведения. То, как он говорит, ведёт себя, хмурит брови – всё это будто бы принадлежит герою из мира фантазии и приглашает в очередное путешествие. Сначала моя мечтательность находила выход в поэзии. Хотя я не очень хорошо учился в школе, я всё время писал стихи (и сейчас пишу). Помню, как в четвёртом классе на занятии по литературе я написал первый рассказ для детей и получил тройку. Дело не в оценке. А в том, что я снова и снова возвращаюсь к этому жанру. Иногда я думаю, что этот жанр сам нашёл меня ещё в детстве. И моя творческая дружба с детьми развивается благодаря жанру фэнтези (фантазии).
Человек живёт мечтой с «деревянной колыбели до земляной». Не зря говорят, что человек без мечты – всё равно что бескрылая птица. Единственный способ помочь маленькому читателю понять свои мечты, заглянуть во внутренний мир ровесников – это детская проза. Я считаю, что современная литература для детей и подростков может повысить интеллектуальный уровень общества будущего благодаря жанру фэнтези. Благодаря этому жанру многие заветные мечты человечества стали реальностью. Благодаря фантазии, не знающей границ, стали возможны многие современные достижения мирового масштаба. Свидетельством этого служат романы Жюля Верна. Сколько учёных выросли на таких романах и, благодаря развитому воображению, сделали выдающиеся научные открытия. У нас литература для детей особо не ценится. И всё же это не такой простой жанр, как кажется, это сложный жанр, очень нужный обществу.
В наш беспокойный, торопливый век часто не хватает времени на творчество. Стараешься писать, как только появляется такая возможность. Иначе время не станет ждать, а твои маленькие друзья вырастут.
В последнее время мне кажется, что творчество писателя – это служение. Это постижение мира через самопознание. Поэтому я стараюсь серьёзно к этому относиться.
Я желаю всем писателям – участникам Almaty Writing Residency, чтобы их книги были зачитаны до дыр читателями. Чтобы они принесли пользу людям. Пусть Бог хранит их от забвения под песками времени, пусть не напрасны будут ваши труды. Пусть не жизнь наша станет сплошным писательством, а писательство жизнью!
•
УАҚЫТ БІЗДІ КҮТПЕЙДІ
Ертегі, реалистік проза, нонфикшн және басқа бағыттар: мультимәдениеттілік пен бірегейлік тақырыптарын қозғау үшін қай жанрларды таңдаған дұрыс?
Менімше, жазушы жанрды таңдамаса керек, керісінше жанр жазушыны таңдайды. Белгілі бір жанрда қалам тербеймін деп еш мақсат қойғаным жоқ. Бәлкім, балалық шақтан бергі көрген-білгенім осы жолға алып келген шығар; Бала күнімде тым арманшыл боп өстім. Аспанда көшкен бұлытқа, самғаған құсқа, әр мезгіл өзімен ерте келетін шақтардың бәріне таңқала, таңдай қаға қарадым. Сол көріністердің бәрі құдды мені бір ғажайып, сырлы да, сыршыл әлемге шақырып жатқандай болатын да тұратын. Қиял әлеміне бару үшін де қаламгердің өзі – қияли болуы тиіс. Мен де ол қиялилық бала күннен бар еді. Ауылда ағаш басына шығып алып бұлытқа қарап отырамын. Қараған сайын жан-жануардың, ауыл тұрғынадырының, т.б. неше түрлі картиналар көлбеңдей қалатын. Бірде анам жазғы демалыста ауылдан қалаға мені лагерьге апарған-ды. Сонда ауылды, ата-әжемді сағынғаным сонша, аспанға әдеттегідей бұлттарға қараймын. Сонда бұлттан ата-әжемнің бейнесін көргенім әлі есімде. Сол көрініс сағынышыма дауа болды. Кейде қоғамда, көпшілік арасында жүріп түр-түрлі адамдармен араласасың. Сондайда, қасыңда тұрған адам әлі жазылмаған бір шығармаңның кейіпкері екенін іштей сезесің. Оның дауысы, қылығы, қабағын шытқаны бәрі-бәрі де қиял әлемінің бір кейіпкері боп көрініп, кезекті сапарға шақырып тұрғанын ұғынасың. Алғашында бұл қиялилығым поэзия тілімен өрілді. Мектепте жақсы оқымасам да өлең жаза беретінмін (әлі күнге жазам). Алғаш балаларға әңгімені әдебиет пәнінен 4-сыныпта жазғаным есімде. Және сол үшін үштік баға алғанмын. Мәселе бағада емес. Қайта-қайта осы бір жанрға орала беретінімде. Жалпы, бұл жанр мені сол бала күнімде-ақ тауып алған екен ғой деп ойлаймын кейде. Және балалармен шығармашылық достығым осы фэнтези (қиял) жанры арқылы өрбіді.
Адам баласы «тал бесіктен жер бесікке дейін» арманмен өмір сүреді. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деп бекер айтылмаса керек-ті. Кішкентай оқырман арманын түсінуге, ұғынуға, өзді-өзіне үңілуге апаратын бірден бір жол – осы балалар прозасы. Қазіргі балалар мен жасөспірімдер әдебиеті болашақтағы қоғамның интеллектуалды негізін фэнтези жанры арқылы дамыта алады деп ойлаймын. Бұл жанр арқылы адамзаттың қаншама асыл арманы шындыққа айналды. Қиял шексіздігі арқылы нешеме заманауи, жаһандық биік белестерді бағындырды. Бұған Жюль Вернның романдары куә. Одан өзге нешеме ғалымдар бала күннен осы іспетті шығармаларды оқып өскеннен, қиялы қарыштап есейе келе ғылымда соны жаңалықтар ашты. Бізде балалар шығармашылығын онша місе тұта қоймайды. Десе де, балалар әдебиеті анау айтқандай жеңіл емес, күрделі әрі қоғамға өте-мөте қажет екені шүбәсіз.
Бүгінде тіршіліктен тыным таппай, аласұрып жатқан мына асығыс заманда амалсыздан уақыт таңдай алмай жатасың. Қалай мүмкіндік болады, солай жазып қалуға тырысасың. Әйтпесе, уақыт саған қарамастан, күтпестен көше береді, ал кішкене достарымыз өсе береді.
Кейінгі кездері бір ұққаным жазу, ол – ғибадат. Жазу – өзіңді тану арқылы ғаламды ұғыну. Сол үшін оған жауапкершілікпен баруға тырысып жүрмін.
Барша «Almaty Writing Residency» байқауына қатысушы қаламгерлерге тілерім, жазбалары оқырман қолында тозсын. Әрі шығармалары адамзат игілігіне жарасын. Уақыт-құмының астында ізім-ғайым жоғалып кетуден, еңбектің еш болуынан Құдай сақтасын. Өміріміз жазуға емес, жазуымыз өмірге айналсын!
•
Time waits for no one
Fairy tale, realistic prose, non-fiction, and other genres: which is most appropriate for discussing multiculturalism and identity?
I don’t think the writer should choose the genre; it is the genre that chooses the writer. I never set out to write in any particular genre. Perhaps I took this path because I was an impressionable kid and loved to dream since childhood. I was fascinated by a cloud floating in the sky, a bird soaring in the air, and the change of seasons. All this beckoned me into another world full of mystery and romance. To enter a world of fantasy, a writer must be a visionary. I have tended to be a daydreamer since childhood. In the aul, I would climb to the top of a tree and stare at the clouds. The longer I looked the more clouds began to appear to me like animals, villagers, and other objects and scenes. One day my mother sent me on vacation from the aul to a summer camp in the city. At that time, I missed the village and my grandparents so much that I started gazing at the clouds out of habit. I remember that I could see the outlines of my grandmother’s face in them. This was a cure for my sadness.
Sometimes I have to talk to all kinds of people. Now and then there is a feeling that the person standing in front of you is the hero of a story you haven’t yet written. The way they speak, behave, and frown their eyebrows seems to be characteristic of somebody from a world of fantasy and it invites you on a journey. At first, my daydreaming took the shape of poetry. Although I didn’t do well in school, I wrote poetry all the time (I still do). I remember in fourth grade, in my literature class, I wrote my first story for children and got a C. It isn’t about the grade. It’s that I keep coming back to this genre over and over again. Sometimes I think it was the genre that found me when I was a child. And my creative friendships with children have thrived owing to the genre of fantasy.
Man lives a dream from the “wooden cradle to the earthen one.” It is not for nothing they say that a man without a dream is like a wingless bird. The only way to help young readers understand their dreams, to look into the inner world of their peers is through children’s prose. I believe that modern literature for children and teenagers can raise the intellectual level of the future society through the fantasy genre. Thanks to this genre, many cherished dreams of mankind have become a reality. Thanks to fantasy that knows no boundaries, many modern achievements on a global scale have become possible. The novels of Jules Verne are evidence of this. How many scientists grew up on such novels and, thanks to their developed imagination, made outstanding scientific discoveries. We don’t have much appreciation for children’s literature. And yet it is not as simple a genre as it seems, it is a complex one, the one society truly needs.
In our hectic, hurried age, there is often not enough time for creativity. You try to write as soon as the opportunity arises. Otherwise, time waits for no one, and your little friends will grow up.
Lately it seems to me that being a writer is a ministry. It is the comprehension of the world through the power of self-knowledge. So I try to take it seriously.
I wish all the writers who participate in Almaty Writing Residency that their books should be read to tatters. May they be of use to people. Let God save them from being buried in oblivion under the sands of time, let your work not be in vain. May our life not be all writing, but writing be our life!