Сэм Ча өлеңдері
Ольга Мексина
Кейбір поэмалар ауа да, ал кейбіреулері - су; кейбіреулері болса - түрме немесе шауып келе жатқан ат. Сэмнің өлеңдері - бұл көп модальді және көп қабатты, тіл(дер) мен сөйлеуші(лер) әлемі шиеленіскен бір әлемге терезе секілді, мұнда екеуі де шауып келе жатқан аттай (кейде тіл(дер)) ат болса, кейде ол(ар) ат үстіндегі жылқышы) - немесе түрме, немесе су немесе ауа секілді.
Онсыз, Иеронимус Бош жазу машинкасымен, ноутбукпен немесе ескі қаламмен (не қарындашпен) жазғандай символдық пейзаж бар. Екі «Ақаудың» біріншісі, «Ештеңенің аудармасында» Авилалық Әулие Тереза екі поэмамен үндеседі - орыс романтик ақыны Федор Тютчевтің лирикалық поэмасы «Силентий», онда сөйлеуші «айтылған ой жалғанға айналады» деп ашынады және Эмили Дикинсонның «сөз өлді, айтылған кезде...» деп басталатын «1212» поэмасы.
Жалған сөз, ажал және зорлық-зомбылық шиеленісіп өмір сүреді: жалған сөз – зорлықтың бір түрі, ажалдың бір түрі; ал ажал – бұл, мүмкін, жалған сөз, және сонымен бірге зорлық-зомбылыққа тең; ал зорлық-зомбылық – мүмкін, жалған сөздің бір түрі, және әлбетте ажалдың бір түрі және осылай шексіздікке дейін кете береді. Осының шығу тегін табу мақсатында үш поэманың тақырыбын 115-ші Забурдан бақылауға болады, оның сөйлеушісі үмітсіздікпен «Адамның барлығы өтірікші» деп зарланады.
Сол сияқты, Сэмнің поэзиясы тілдер мен сөйлеушілердің арасында сұхбат орнатады, мұнда сөйлеуші тілге айналады және керісінше. Сөзді сол күйінде көрсететін - мылтық, гүл, қанға боялған ет және т.б. кейіптелген заттар - мағынаны білдіретін және мағынаны жасайтын элементтер арасындағы бұл рекурсивті әңгіме Сэмнің поэззиясына терең руханият береді. Сэм, бәлкім өзінің, бәлкім тілдің/тілдердің немесе екеуінің де шығу тегін іздеуде, нан үгінділерімен жүріп отырып, түпнұсқаға дейін қайтып барады.
өйткені мен ақауыма зер салмақпын.
Өйткені мен сөздің түбін ақтарамын.
Өйткені мен жылтылды жарқыл деймін
ақаулы жүректің жарқылы,
жарылған тастың
өйткені қатқан көл мен қатулы қылыштың арасында аққан тегіс жылтырақ, еріген жұқа мұз есімде қалады
өйткені бір ұмыт пен бір ұмыт арасында жылтыр өзен
секілденіп ағады баяу Өткен