Oral Arukenova • Орал Арукенова
Любовь и понимание любви в современном мире гаджетов
Гаджеты являются неотъемлемой частью современной жизни, ребенок, едва достигший годовалого возраста стремится к смартфону в руках своих родителей, братьев и сестер. Увидев яркую картинку на дисплее телефона или другого гаджета, он хочет ее рассмотреть, и конечно же ребенку хочется узнать, чем же так интересен этот объект. Мы часто наблюдаем в ресторанах и других общественных местах, как родители включают маленькому ребенку мультфильм на айподе чтобы отвлечь, а сами занимаются своими делами. Однако такое доступное средство может обернуться трагедией, дети быстро учатся пользоваться гаджетами и находят информацию, к понимаю которой еще не готовы. Это могут быть сцены насилия или мультфильмы и видео, которые воздействуют на бессознательное ребенка и формируют ложное представление реальности. Такая информация может вызывать страх, агрессию и даже неприятие и недоверие к родным людям. Однажды будучи в гостях, я застала кроху двух с половиной лет с благоговением слушающую блогера с наращенными ресницами, накачанными губами, которая учила как надо одеваться, чтобы быть сексуальной и как наносить косметику. Девочка, слушая блогера выпячивала губы и повторяла ее движения. Когда я рассказала об этом родителям девочки, они просто рассмеялись.
По мнению психологов, характер формируется в течение первых трех лет жизни. Эту мысль подтвердило многолетнее исследование Лондонского института психиатрии. Ученые оценили поведение тысячи трехлетних детей по параметрам «хорошо адаптируется», «неуправляемый», «уверенный в себе», «заторможенный» или «сдержанный». Когда личностные тесты провели с теми же людьми в возрасте 26 лет, все показатели остались практически идентичными. Результаты этого эксперимента говорят нам о том, что самые главные навыки и в том числе любовь и понимание любви необходимо прививать ребенку с самого рождения.
Ребенок, которого любят и ценят с рождения, будет всегда чувствовать себя в безопасности и не будет искать умиротворения в виртуальном мире. Чувство собственного достоинства, привитое с детства, помогает ребенку делать выбор опираясь на собственные нужды, не идти на поводу у популярных явлений и тенденций. Привитые в детстве любовь и уважение к себе и своей семье способствуют проявлению любви и понимания по отношению к другим людям и окружающей среде, формируют доброжелательное отношение к миру.
На мой взгляд, в современном мире гаджетов есть место любви и пониманию любви, потому что сами гаджеты являются результатом проявления любви их создателей к прогрессу и новым технологиям.
•
Махаббат және гаджеттер әлемінде махаббат туралы түсінік
Гаджеттер қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналып келеді, бір жасқа енді толған бала әке-шешесі, аға-әпкесінің қолындағы смартфонға қызығады. Телефон немесе басқа бір гаджеттің экранында түрлі түсті суретті көріп, оған үңіліп қарайды және, әрине, бұл зат несімен қызық екенін білгісі келеді. Мейрамханада немесе басқа бір көпшілік орында көп байқаймыз, ата-ана кішкентай баланың көңілін аулау үшін айподта мультфильм қосып береді, ал өздері өз шаруасымен айналысып отырады. Алайда мұндай қолжетімді құрал қасіретке алып келуі мүмкін, себебі балалар гаджеттерді қолдануды тез үйреніп, өздері әлі дұрыс түсінбеген ақпаратты таба алады. Бұл қатыгездікке толы көріністер немесе баланың бейсаналылығына әсер ететін, айналасындағы өмір туралы жалған түсінік қалыптастыратын мультфильмдер мен видеолар болуы мүмкін. Мұндай ақпарат баланың бойына қорқыныш, агрессия сезімдерін ғана емес, жақын адамдарға тіпті жеккөрушілік пен сенімсіздікті ұялатуы мүмкін. Бір күні қонаққа барып, екі жарым жасар қаршадай қыздың жасанды кірпігі, дүрдиген ерні бар блогер әйелді тамсана тыңдап отырғанын көрдім. Ол сексуалды болу үшін тыңдаушыларға қалай киіну, қалай бояну керек екенін үйретіп жатты. Блогерді тыңдай отырып, қыз ернін дүрдитіп, оның қимыл-қозғалысын қайталап отырды. Қыздың әке-шешесіне мұны айтсам, күледі.
Психологтардың пікірінше, адамның мінез-құлығы оның өмірінің алғашқы үш жыл ішінде қалыптасады. Бұл болжам Лондон психиатрия институтының көп жылдар бойы жүргізіліп отырған зерттеуімен расталды. Ғалымдар бір мың үш жасар баланың қылығын «бейімделгіш», «жүгенсіз», «өзіне сенімді», «психикалық дамуы тежелген», «тұйық мінезді» секілді өлшемдер бойынша бағалады. Осы балалар 26 жасқа толғаннан кейін оларға тұлғалық сынақтамалар қайтадан жүргізілді, барлық көрсеткіштер бұрынғы қалпында қалғаны анықталды. Бұл тәжірибенің нәтижесі негізгі дағдыларды, соның ішінде махаббат және махаббат туралы түсінікті баланың туған сәтінен бастап бойына сіңдіру керек екендігін дәлелдейді.
Әке-шешенің махаббатына қанып өскен бала өзін ылғи қауіпсіз сезініп, виртуалды әлемнен жұбаныш іздемейді. Өзіне деген сенімділікті ана сүтімен бойына сіңіріп алған бала сәнге айналған үрдістерге ілеспей, өз қажеттіліктеріне сүйене отырып, таңдау жасайды. Жастайынан өзіне және өз отбасына махаббат пен сенімділік сезімдерін бойына сіңіріп алған бала өзгелерге және қоршаған ортаға мейірім мен түсіністікпен, айналасындағы әлемге достық пейілмен қарайтын болады.
Менің ойымша, гаджетке толы қазіргі әлемде махаббат үшін және махаббатқа негізделген дүниетаным үшін орын бар, себебі гаджеттердің өздері оларды ойлап тапқан адамдардың прогресс пен жаңа технологияларға махаббатынан туындаған.
•
Love and understanding of love in today’s world of gadgets
Gadgets are an integral part of modern life, a child, barely a year of age, reaches out for a smartphone in the parents, brothers and sisters’ hands. Seeing a bright picture on the display of a phone or other gadget, the child wants to look at it, and of course learn what is so interesting about this object. We often see parents in restaurants and other public places, who turn on their phones and iPads and distract their children by letting them watch a cartoon, while they go about their grown-up business. However, the ready availability of gadgets can end in tragedy, as children quickly learn to use them and find information they are not yet ready for. These can be violent scenes or cartoons and videos that affect their unconscious and form a false sense of reality. Such information can cause fear, aggression, and even rejection and distrust of family members. Once at my friend’s house, I saw a little girl of two and a half years old listening in awe to a blogger with false eyelashes and pout lips, who taught viewers how to dress to be sexy and how to apply makeup. The girl, listening to the blogger, pursed her lips and followed along. When I told the girl’s parents about that, they just laughed.
According to psychologists, the character is formed during the first three years of life. This theory was confirmed by a long-term study of the London Institute of Psychiatry. Scientists evaluated the behavior of thousands of three-year-olds, using the following parameters: “well adapting,” “unruly,” “confident,” “inhibited” or “composed.” When personality tests were carried out with the same people at the age of 26, all scores remained virtually identical. The results of this experiment tell us that the most important skills, including love and understanding of love, must be instilled in a child from birth.
A child who is loved and appreciated from birth will always feel safe and will not try to find peace in a virtual world. A sense of self-worth instilled from childhood helps one make choices based on their own needs, not to be influenced by popular phenomena and trends. Love and respect to oneself and the family, fostered in early childhood, contribute to the manifestation of love and understanding towards other people and the environment, forming a kind attitude towards the world.
In my opinion, in today’s world of gadgets there is a place for love and understanding of love, because gadgets themselves are the result of their creators’ love for progress and new technologies.