Эми Бассин ТУРАЛЫ
Патриция Колман
Мен Эми Бассиннің өнерімен 3 жыл бұрын таныстым, нақтырақ айтсақ 3 жыл бойы тікелей танысуға батылым жетпей қашқақтап жүрдім. Осы уақыт аралығында мен оның жұмыстарының шет-жағасын көріп жүрдім, бірақ олар тура қарасам тым өткір көрінетін: көк мата не шілтермен жабылған беттер, перде артынан сығалаған биші фигуралар. Эми өзін және өз жұмыстарын, бетпердесін шешу тығылмашы іспеттес, жақтауға кіріп-шығып жүретін бассыз әйел денелерінің tableau vivant яғни «тірі суретіне» айналдырды. Оның туындылары дене силуэттері мен бас пішінінің көзге көрінбейтіндігін көрсетті. Маған бұл көрінбеудің ғанибеті мен суретшінің көрінетіндігінің орнына өнерді қоюмен бейне бір шайқаста жүргендей көрінді. Осында ұсынатын жұмысты көргенімде жеңілдеп қалдым. Туындылар әлі де қатаң әрі ауыр, бірақ мен енді оларға көрермен ретінде ара-тұра болсын көрінбеуін сұраған денелердің жеке өміріне қол сұғып жатқандай сезінбестен қарай алдым. Ұсынылған үш топтамада денелер керісінше кітап парақтарының бетімен еңбектеп, оларды қайта қоныстап, бірте-бірте өздеріне қайтарып алып жатыр.