Күріш
Tiлек Ырысбек
Біздің ауыл кісі өлгенде күріш пісіретін.
Жылап жүріп күріш жегенді дұрыс көретін.
Қой сойып ет асатын.
Малдың өлімі тек бізді ғана қызықтырғанымен ол туралы қайғылы сезімдерді бастан кешірмейтін,
Қытайдың қызыл тракторының тошайына асылып ойнайтын бала едік.
Ағаларымыз таяқ сүйеніп дауыс шығарып жыласа,
Біз аула сыртындағы мотоларды тамашалағынды жақсы көретінбіз.
Кенет есіме сол күнгі күріштің иісі оралды,
Сосын ойша күнә жасадым.
Өлімнің дәмі күріштің дәні секілді екен ғой,
біз недеген қатыгез едік, о Алла!
Күріштің әр талы менің әрбір ескі естеліктерім секілді, менің өлген кездерімді еске түсіреді.
Бәлкім мен келесі өмірімде өзім жеген бала күнгі күріштің дәні болып өмірге келетін шығармын.