Тандзаку. Айнасыз өмірді елестету
Tiлек Ырысбек
Бүгін әйелім екеуіміз айна туралы ұзақ әңгімелестік.
Сосын айнаға поэзияның суретін салдық.
Бір мезет айнасыз өмірді елестеттік.
- Егер біз айна болсақ ше? Онда біз бір-бірімізді тани алар ма едік?
Кенет арғы бөлмеден айнаның сынған дауысы естілді
Енді біздің үйде айна жоқ.
Айна 2
Менің әйелім мысығымен айнаға қарады,
Бірақ мысық айнадағы өзін таныған жоқ.
Айна 3
Егер айна болмаса...
Мен түрімді көрмейтін едім,
Көзімді көрмейтін едім,
Мұрнымды көрмейтін едім,
Ернімді көрмейтін едім,
Қасымды көрмейтін едім,
Шашымды көрмейтін едім,
Құлағымды көрмейтін едім,
Тісімді көрмейтін едім,
...
Бірақ айна бар.
Ол менмін!